Жұмыс барысы
Аида Балаева Алматыда Ұлттық құрылтай мүшелерімен кездесті
Ұлттық құрылтай хатшысы, ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Алматыда Ұлттық құрылтай мүшелерімен кездесті.

Жиында Мемлекет басшысының Жолдауы, Құрылтайдың ІІ отырысында берген тапсырмалары мен қоғамның өзекті мәселелері талқыланды.
Атап айтқанда, жиынға қатысушылар Мемлекет басшысының «Білім, ғылым және мәдениет саласын дамыту» туралы бастамасына сәйкес ұлттың жаңа болмысын қалыптастыру, мәдениет тұжырымдамасын қабылдау бағытында атқарылып жатқан жұмыстарды жан-жақты талқылады.



Сондай-ақ А.Балаева Ұлттық құрылтай мүшелерін қоғамда халқымыздың дүниетанымына жат нәрселерге қарсы тұру, жастар арасындағы ақпараттық-идеологиялық жұмыстарды күшейту, жас ұрпақтың, әсіресе, қазіргі құбылмалы заманда жастар танымының кең болуы үшін бірлесіп жұмыс атқаруға шақырды.


Жиынға қатысушылар Ұлттық құрылтай жанынан қоғамдағы өзекті тақырыптарды талқылайтын арнайы жұмыс топтарын құру, құрылтай мүшелерінің атқарып жатқан істерін жариялайтын арнайы ақпарат құралын шығару мәселелерін қарастыруды сұрады.

Құрылтайдың құрамы 

Сондай-ақ оқыңыз