Жиынға Ұлттық құрылтай мүшелері: ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Айдос Сарым, Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының президенті Рауан Кенжеханұлы, Қолданбалы этносаяси зерттеулер институтының директоры Талғат Қалиев және өзге де сарапшылар қатысты.
Қатысушылар жаңа құндылық бағдарларын қалыптастыру туралы айта келе, күн тәртібін жаңартуға байланысты қоғамдық сұранысты талқылады. Сондай-ақ Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Түркістанда өткен Ұлттық құрылтайдың екінші отырысында айтқан сөзіндегі негізгі үрдістерге назар аударды.
Пікірталасқа қатысушылар қазақстандық жалпыұлттық құндылықтар жүйесінің эволюциясына тоқталып, негізгі қоғамдық идеологемаларды анықтады. Сондай-ақ қоғамның басты құндылықтары деп мыналарды атап өтті: тәуелсіздік, патриотизм, әділдік, жауапкершілік, жасампаздық, даму және т.б.
Талқылау барысында жаһандану үдерісіндегі құндылықтарды қалыптастыру мәселелері, жастар арасында дәстүрлі құндылықтар мен жаңа тенденцияларды насихаттаудағы қоғамдық институттардың рөлі туралы айтылды. Сонымен қатар сарапшылар ақпараттық жұмыс саласындағы жаңа құндылық тәсілдерін де талқылады.
Құрылтайдың құрамы