Жұмыс барысы
Ұлттық құрылтай құрамында ротация жасалды
Бүгін, 2024 жылғы 19 қаңтар күні Ұлттық құрылтай құрамында ротация жасалды.

Құрылтай жұмысына бірқатар сала өкілдері – ҚР Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева, «Қазақстан кәрістер қауымдастығы» ЗТБ төрағасы Юрий Шин, Қазақстанның Еңбек Ері, Семей қаласындағы № 7 мектеп-лицейінің мұғалімі Алма Шұқыжанова, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаттары Нұрлан Әуесбаев, Никита Шаталов, Zhubanov University басқарма-төрағасы, ректор Лаура Қарабасова, пара жеңіл атлетика бойынша спортшы Айсұлу Сүлейменова, дүнген этносының көшбасшысы Лугмар Буларов, «Азаттық рухы» ақпараттық агенттігінің тележүргізушісі, журналист Кристина Гринько тартылды. Бұдан бөлек құрамға бірнеше аймақтан қоғамдық кеңес мүшелері кірді.

​​Қазіргі уақытта Мемлекет басшысының «Egemen Qazaqstan» газетіне берген сұхбатында хабарланғандай көктемде өтетін Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысына дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Құрылтайдың құрамы 

Сондай-ақ оқыңыз