Жұмыс барысы
Ұлттық құрылтай жұмыс секцияларының отырысы өтті
Бүгін Астанада Ұлттық құрылтай жұмыс секцияларының отырысы өтті.

Шара басталмас бұрын Ұлттық құрылтай төрағасының орынбасары-Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин құрылтай жұмысының негізгі бағыттары туралы Президенттің қаңтар айында «Egemen Qazaqstan» газетіне берген сұхбатында айтылғанын атап өтті.

Сондай-ақ ол осы консультативтік-кеңесші органның қызметі аясында Мемлекет басшысының бастамаларын жүзеге асыру барысына қысқаша тоқталды.

Атап айтқанда, Мемлекеттік кеңесші Президенттің Шығыс Қазақстан облысы мен Абай облысында жаңа аудандарды қалпына келтіру, өңірлік рәміздерді реттеу, «Балалар кітапханасы» жобасын іске асыру және «Әзірет Сұлтан» тарихи-мәдени қорық-музейіне «Ұлттық» мәртебесін беру жөніндегі бастамаларының жүзеге асырылғанын ерекше атап өтті.

Ерлан Қарин заңдылық пен құқықтық тәртіп қағидаттарын бекіту және дамыту жөніндегі жұмыстардың ерекше қоғамдық маңызы бар екеніне назар салды. Олардың ішінде, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес, балалар мен әйелдердің құқықтарын қорғау, нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарын бекіту туралы заң жобасын әзірлеу, вейптерді әкелуге, өндіруге, сатуға және таратуға тыйым салу туралы заң жобасын Парламент Мәжілісінің қабылдауы т.б.

Шара аясында бір уақытта «Азаматтық қоғам», «Мәдениет. Өнер. Руханият», «Білім және ғылым», сондай-ақ «Әлеуметтік-экономикалық даму» секцияларының жұмыс отырыстары өтті.

Секциялар жұмысы барысында мемлекеттік органдар Ұлттық құрылтай мүшелерінің бұрынғы ұсыныстары туралы пікірлерін білдірді. Сондай-ақ қоғамның бірлігіне, тәртіп пен заңдылықтың сақталуына, ұлттық құндылықтарды насихаттауға бағытталған жаңа ұсыныстар талқыланды.

Жиын барысында көтерілген бастамаларды Ұлттық құрылтай хатшылығы зерделеп, жүзеге асуына ықпал етеді.

Қазіргі таңда көктемде өтетін Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысына дайындық жүріп жатыр.

Құрылтайдың құрамы 

Сондай-ақ оқыңыз